Ақсу қаласы ТЖБ өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері орман және дала өрттерінен қауіпсіздік шаралары бойынша оқу-тәжірибелік жаттығулар өткізді.

Ақсу қаласы ТЖБ өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері орман және дала өрттерінен қауіпсіздік шаралары бойынша оқу-тәжірибелік жаттығулар өткізді.

 

Іс-шараға орман шаруашылығы қызметкерлері де қатысып, бірлесіп жұмыс жасады.

 

Қызметкерлерге өртті қауіпсіз сөндіру әдістері, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, өрттің таралуын болдырмау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындарды ақпараттандыру және табиғи өрттердің алдын алу шаралары талқыланды.

 

Мұндай жаттығулар қызметкерлердің дайындық деңгейін арттырып, табиғи өрттердің алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
26 ноября 2025