ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу
ЖРВИ, тұмау – бұл адамнан адамға ауа тамшылары арқылы берілетін жұқпалы вирустық инфекция.
Аурудың негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары:
ЖРВИ белгілері бар адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз (жөтел, түшкіру) немесе әр 2-3 сағат сайын ауыстыруды қажет ететін бір реттік медициналық маскаларды қолданыңыз;
Өз бөлмеңізді күнделікті ылғалды тазалауды және таза ауамен желдету жүргізіңіз;
Үйден шыққан кезде мұрын жолдарын алдын ала тазалап, қорғаныс тосқауылын жасайтын оксолин жақпа майымен майлаңыз;
Иммунитетті көтеру үшін күнделікті рационға дәрімендерге бай тағамдарды қосыңыз;
Жеке гигиенаны сақтаңыз;
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
Бүгінгі таңда тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі вакцинация болып табылады.

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы  И.А. Калёнова

Дата публикации
21 ноября 2025