Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері көппәтерлі тұрғын үйлердің балкондарына қатысты өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіруге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары мен кездесулер барысында қызметкерлер балкондарыдағы өрттердің жиі кездесетін себептерінің бірі — шала сөндірілген темекілер мен тасталған шылым қалдықтары екенін тұрғындардың назарынa жеткізді. Азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау және өрттің туындауына себеп болатын әрекеттерге жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар МИБ мен ПИК өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, оларға өрт қауіпсіздігі талаптары және кіреберістер мен баспалдақ алаңдарында, жалпы пайдаланудағы орындарда темекі шегудің жол берілмейтіні түсіндірілді. Тұрғындар арасында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейту және өрттің алдын алу шаралары туралы уақытылы ақпараттандыру ұсынылды.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б