Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері кәсіби құзыреттерді дамыту және түрлі сала мамандарының тәжірибе алмасуы мақсатында өткен «Erg Skills» халықаралық жарысына белсенді қатысты.
Жарыс барысында қатысушылар шартты өрт ошақтарын жою кезіндегі іс-қимылдарын, командалық жұмысты ұйымдастыру қабілеттерін, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын пайдалану дағдыларын көрсетті.
Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері кейбір кезеңдерде әділ қазылар құрамында тәуелсіз сарапшылар ретінде қатысып, бағалаудың әділдігі мен объективтілігін қамтамасыз етті.
Іс-шара барысында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды: қатысушылар мен қонақтарға алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері, түрлі типтегі өрт сөндіргіштерді қолдану тәртібі, сақтау және техникалық қызмет көрсету тәсілдері көрсетілді.
Мамандар сондай-ақ тұрмыста және өндірісте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңыздылығын, өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет ету және төтенше жағдайлар қызметін дер кезінде хабардар ету қажеттігін еске салды.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б