Ақсу қаласы ТЖБ қызметкерлері полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Ақсу қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қыстақтарда (қысқы мал қыстау орындарында) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Қожалық иелері мен жұмысшыларымен тұрмыста және жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме әңгімелер жүргізілді. Ерекше назар пешпен жылыту кезінде өрттің туындауына жол бермеу мәселелеріне, сондай-ақ тұрғын және шаруашылық нысандарда өрттің алдын алу шараларына аударылды.
Қожалық иелеріне өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері көрсетілген жадынамалар табысталып, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмі мен жедел қызметтердің байланыс нөмірлері түсіндірілді.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б