Өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және халықпен кері байланысты жолға қою мақсатында Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімі нысандарда ақпараттық парақшалар орналастырды.

Өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және халықпен кері байланысты жолға қою мақсатында Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімі нысандарда ақпараттық парақшалар орналастырды.

 

Әрбір парақшада осы нысанға бекітілген жауапты қызметкердің деректері көрсетілген: оның тегі, аты-жөні, лауазымы, фотосуреті және байланыс телефондары. Азаматтар қауіпсіздік ережелерінің бұзылуын анықтаған жағдайда немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде жауапты маманға жүгіне алады.

 

Мұндай іс-шаралар ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ халық пен бөлім қызметкерлері арасындағы жедел өзара іс-қимылға мүмкіндік береді.

Жауапты тұлғалардың байланыс деректерін орналастыру азаматтардың сенім деңгейін арттыруға, профилактикалық жұмысты жақсартуға және өтініштерге дер кезінде әрекет етуге ықпал етеді.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
18 ноября 2025