Өрттің негізгі себептері
Өрттің негізгі себептері — үйде шылым шегу, газ және электр құралдарын қараусыз қалдыру, ашық отты абайсыз пайдалану, балалардың отпен ойнауы, тоқ желісінің ақауы мен шамадан тыс жүктелуі. Бір ғана өшірілмеген үтік, газ плитасы немесе тасталған темекі үлкен өртке себеп болуы мүмкін.
Қарапайым ережелерді сақта — құрылғыларды өшір, ашық отты бақыла, тоқ желісін қадағала және үйде шылым шекпе. Бұл — өз өмірің мен жақындарыңның қауіпсіздігі.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б