Ақсу қаласы ТЖБ №12 өрт бекетінің бөлімшесіне авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, жол-көлік оқиғаларының салдарын жоюға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған жедел әрекет ету автокөлігі (бұдан әрі – ЖӘЕА) келіп түсті

Аталған автокөліктің негізгі міндеті – бөлімшенің төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге дайындығын қамтамасыз ету және заманауи авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалана отырып құтқару іс-шараларын жүргізу болып табылады.

Жаңа техника келіп түсуіне байланысты 2025 жылғы 10 қараша күні бөлімшеде ЖӘЕА-1,0 автокөлігінде орнатылған авариялық-құтқару құралдарын зерделеу бойынша жеке құраммен оқу сабағы өткізілді. Сабаққа Ақсу қаласының құтқару бөлімшесінің қызметкерлері тартылып, құтқару жұмыстарын орындау кезінде құралдарды пайдалану тәртібін көрсетті.

Оқыту барысында жеке құрам авариялық-құтқару жабдықтарының құрылысы, техникалық сипаттамалары, пайдалану және қызмет көрсету ережелерімен егжей-тегжейлі танысты.

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
18 ноября 2025