Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында «Айналайын» балабақшасында балалармен танымдық ойындар мен викторина ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар ойын түрінде өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерімен танысып, өрт туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін, «101» құтқару қызметіне қоңырау шалуды және өрт сөндірушілер келгенге дейінгі іс-қимылдарды үйренді. Балалар викториналар мен түрлі байқауларға белсене қатысып, өздерінің жақсы білімдері мен қауіпсіздік тақырыбына деген қызығушылықтарын көрсетті.
Іс-шара соңында «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері өрт қауіпсіздігі тақырыбында салған суреттерін Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлеріне естелік ретінде табыстады. Өз кезегінде қызметкерлер өрт қауіпсіздігі шаралары туралы шағын дәріс өткізіп, балаларға пайдалы ақпараттар жазылған жадынамалар үлестірді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және өрт сөндіруші мамандығына құрметпен қарауға ықпал етеді.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б