Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері мен әкімдік өкілдері Еңбек ауылында тұрғындардың үйлерін аралап, профилактикалық іс-шара өткізді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері мен әкімдік өкілдері Еңбек ауылында тұрғындардың үйлерін аралап, профилактикалық іс-шара өткізді.

 

 

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен әкімдік өкілдері Еңбек ауылында әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлерін аралап, профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында мамандар бұрын орнатылған көмірқышқыл газы датчиктерінің жарамдылығын тексеріп, пештердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қарады, сондай-ақ тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін еске салды.

Бұдан бөлек, азаматтарға көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу және тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде ақпараттық жадынамалар таратылды.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

 

Дата публикации
18 ноября 2025