Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің автоматтандыру жұмыстарын жүргізуде, оның аясында «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» (бұдан әрі – СЭҚ СБӨ) сервистік-бағдарламалық өнімі әзірленді.
СЭҚ СБӨ санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын бақыланатын объектілер мен өнімдер туралы деректерді басқаруға арналған, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына да, бизнес субъектілеріне де арналған функционалдық мүмкіндіктері бар, цифрлық ақпарат алмасуды жүзеге асыруға (бизнеске арналған жеке кабинет қарастырылған), сондай-ақ бақыланатын объектілерге арналған өндірістік бақылау функциялары бөлігінде қолданылады.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова