Тамақтан улану – бұл әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ауру. Әр түрлі микроорганизмдердің, көбінесе бактериялардың ағзаға тағаммен бірге түсуі оның себебі болуы мүмкін.
Есіңізде болсын, тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақ дайындау кезінде гигиена қағидаларын және тағамды дұрыс сақтау әдісін білу қажет. Тағамның түсіне, иісіне және дәміне назар аударыңыз. Өнімнің консистенциясының өзгеруі мен оның бетінде шырыштың пайда болуы оның бүлінгендігінің белгісі болуы мүмкін. Көгерген тағамдарды, бүлінген көкөністер мен жемістерді, ісінген консерві банкасы мен пакеттегі шырындарды немесе ашыған сүт өнімдерін өкінбестен тастаңыз.
Сатып алу кезінде өнімнің шығарылу күні мен сақтау мерзімін, қаптаманың тұтастығын тексеріңіз.
Тағамнан уланудың алдын алудың тиімді жолы:
- тағамды дайындау кезінде гигиена қағидаларын сақтау;
- тоңазытқышты үнемі тексеріп отыру;
- тамақты дайындаудың термиялық режимін сақтау;
- тамақтану және тағам дайындау алдында көкөністер мен жемістерді, ыдыстар мен ас құралдарын жуу;
- жұмыртқаны жармай тұрып, оны жақсылап жуу;
- ас үй сүлгілерін, ыдыс жууға арналған шүберекті жиі ауыстырып отыру, себебі оларда ауру тудыратын бактериялар жиналады;
- бірнеше турайтын тақтайларды қолдану. Шикі ет пен балық туралған тақтайға жасыл көкөністер мен жемістерді, ірімшіктер мен шұжықтарды турауға болмайды;
- шикі ет пен балықты және дайын тағамдарды тоңазытқыштың бір бөлігінде сақтамаңыз;
- көп тағамды уақытынан бұрын дайындамаңыз. Пісірілген тағамдарды тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды;
- азық-түлік сататын орындарды дұрыс таңдай біліңіз.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы Е.Н. Гулина