АПВ ауру жұқтырған адамның терісімен, шырышты қабаттарымен немесе дене сұйықтықтарымен тікелей жанасу арқылы жұғады. АПВ-ның 30-ға жуық түрі тұрмыстық-байланыс, жыныстық қатынас және вертикальды жолмен беріледі.
АПВ вирусы мына жолдармен адамнан адамға жұғады:
тұрмыстық байланыс, қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы жұғады. Вирус ылғалды ортада жақсы сақталады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде жұқтыру қаупі болады;
жыныстық қатынас арқылы жұғады.
туылған кезде вертикальды жолмен жұғады. Вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова