Біздің елімізде туберкулездің алдын алу мақсатында туберкулезге қарсы вакцинациясы жүргізіледі.
Дені сау жаңа туған балаларға, медициналық қарсы көрсетілімдері болмаған кезде, туғаннан кейінгі алғашқы 2-4 тәулікте босандыру мекемелерінің егу кабинетінде "Кальметт-Герен бациллалары" вакцинасымен (бұдан әрі – БЦЖ вакцинасы) вакцинациялау жүргізіледі. БЦЖ вакцинасы егілген бала ағзасында туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастырады. Кейін қалыптасқан иммунитетті қолдау мақсатында ревакцинациялау (қайталау түрдегі вакцинациялау) жасайды.
Бүгінгі күні БЦЖ вакцинациясы балаларды туберкулезден және оның асқынуларынан қорғайтын жалғыз әдіс болып қалуда. Вакцинациялау туберкулезден аурушаңдықты және өлімді төмендетіп, ауыр түрлерінің (менингит, милиарлы туберкулез, казеозды пневмония) пайда болуын ескертеді.
Облыста соңғы жылдары балаларды туберкулезге қарсы екпеден бас тартқан ата-аналар саны өсуде. Теріс діни көзқарастар және әлеуметтік желілерде вакциналар туралы дұрыс емес мәліметтер бас тартудың негізгі себептері болды.
Туберкулезге қарсы вакцинация өте маңызды, өйткені туберкулездің таралуы өте жоғары және эпидемиологиялық жағдай өте қолайсыз, өйткені біздің елде антибиотиктерге төзімді қауіпті штамдар бар.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова