Ботулизмнің негізгі алдын алу шаралары:

- саңырауқұлақтарды, етті, балықты, аскөкті консервілеуге болмайды;
- консервілеу үшін тек піскен жемістер мен көкөністерді пайдалану керек, бүлінген жемістерді консервілеуге болмайды;
- көкөніс пен жемістерді мұқият жуу керек;
-банка мен қақпақтарды зарарсыздандыру ережелерін және үйде өнімдерді термиялық өңдеу режимін қатаң сақтау қажет;
- үйдегі консервілер төмен температурада сақталуы тиіс, қақпағы көтерілген банкаларды міндетті түрде жою қажет;
- базарларда үйде дайындалып, консервіленген саңырауқұлақтар мен көкөністерді сатып алуға тыйым салынады.
Балалар ботулин уына әсіресе сезімтал болғандықтан, оларға алдын-ала термиялық өңдеуден өтпеген үйде консервіленген тағамдарды беруге болмайды.

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы  Е.Н. Гулина

Дата публикации
12 ноября 2025