Республика күні мерекесі қарсаңында Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері адамдар көп жиналатын нысандарда профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Республика күні мерекесі қарсаңында Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері адамдар көп жиналатын нысандарда профилактикалық іс-шаралар өткізді.

 

Аталған іс-шаралардың мақсаты – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың өрт пен басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл қағидалары жөніндегі хабардарлығын арттыру.

Жұмыс барысында Ақсу қаласы ТЖБ мамандары сауда үйлерінің және С. Донентаев атындағы мәдениет үйінің әкімшілігі мен қызметкерлеріне нұсқаулықтар өткізіп, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөніндегі жадынамалар таратты.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар өрттің алдын алуға және халық арасында қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

 

Дата публикации
31 октября 2025