Полиция қызметкерлерінің жеке құраммен жол қозғалысы ережелері туралы әңгімесі

Полиция қызметкерлерінің жеке құраммен жол қозғалысы ережелері туралы әңгімесі

 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы тәртібін арттыру және қызметтік әрі жеке автокөліктерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақсу қаласы ТЖБ №10 өрт сөндіру бөлімінің және Ақсу қаласының ТЖБ жеке құрамымен полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме өткізді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын еске салып, жылдамдықты сақтау, маневр жасау ережелері, қауіпсіздік белдігін тағу, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқаруға жол берілмейтініне ерекше назар аударды.

Қызметтік техниканы басқару кезінде, әсіресе шұғыл жағдайларда және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау барысында қозғалыс қауіпсіздігі мәселелеріне баса мән берілді.

 

Жеке құрам үлкен қызығушылық танытып, талқылауға белсене қатысып, жолдағы кәсіби және жеке қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойды. Мұндай іс-шаралар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне жауапты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

 

Дата публикации
31 октября 2025