Ақсу гарнизонының қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Ақсу қаласы ТЖ бөлімі №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Арман Ертайұлы Павлодар облысы ТЖД қызметкері мемлекеттік марапат — Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан табыс етілген «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Жоғары марапат өрт сөндірушіге қызметтік міндетін атқару барысында көрсеткен ерлігі, жанқиярлығы және жоғары кәсіби шеберлігі үшін берілді. Арман Ертайұлы алтыншы қабаттың терезесінен секірмек болған ер адамды құтқарып қалды. Өрт сөндірушінің шешуші әрекетінің арқасында бір адамның өмірі сақталып қалды.
Астанадан оралған соң Арман Ертайұлын туған-туыстары, әріптестері, басшылық және Ақсу гарнизонының жеке құрамы жылы қарсы алып, оның ерлігіне ризашылықтарын білдірді.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б