Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне орай Ақсу гарнизонында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне орай Ақсу гарнизонында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды.

 

Жарысқа келесі командалар қатысты:

  • Ақсу қаласы ТЖБ мен Ақсу қаласы АҚжҚҚО құрама командасы,
  • №10 өрт сөндіру бөлімі,
  • №12 өрт сөндіру бекеті,
  • «ЕЭК» АҚ күзететін өрт сөндіру бөлімі.

Ойындар жоғары деңгейде, қызу және тартысты өтті. Қатысушылар өздерінің дайындығының жоғары деңгейін, командалық рухты және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша:

  • 1-орынды – «ЕЭК» АҚ күзететін өрт сөндіру бөлімі,
  • 2-орынды – №12 өрт сөндіру бекеті,
  • 3-орынды – Ақсу қаласы ТЖБ мен Ақсу қаласы АҚжҚҚО құрамасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар гарнизонның жеке құрамының командалық рухын нығайтуға, дене шынықтыруды дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
31 октября 2025