Ақсу өңірінің 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
1.1. Өнеркәсіп
2025 жылғы 1 қазанға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 495 740,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 95,3% құрады (2024 ж. - 533 314,2 млн. теңге, НКИ-117,2%).
- тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 8 645,9 млн. теңге, НКИ – 82,2% (2024 ж. – 5 930,0 млн. теңге, НКИ – 86,6%);
- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 410 449,9 млн. теңге, НКИ - 94,8% (2024 ж. – 465 062,3 млн. теңге, НКИ – 122,0%);
- электрмен жабдықтау - 75 372,7 млн. теңге, НКИ – 100,0% (2024 ж. – 61 252,0 млн. теңге, НКИ - 96,9%);
- сумен жабдықтау – 1 272,1 млн.теңге, НКИ – 100,1% (2024 ж. – 1 069,8 млн. теңге, НКИ – 94,7%).
1.2. Ауыл шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 40 967,4 млн. теңгені құрайды. НКИ - 107,4 % (2024 ж. – 33 506,3 млн. теңге, НКИ - 115,5%).
Өсімдік шаруашылығы - 25 612,9 млн. теңге, НКИ - 105,0%.
Мал шаруашылығы – 14 932,5 млн. теңге, НКИ - 112,1%.
Ақсу өңірінде 577 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.
Мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны:
ІҚМ - 42 287 бас, 105,4% (2024 ж. - 40 135 бас);
жылқы - 18 523 бас, 81,9% (2024 ж. – 22 617 бас);
қой 52 848 бас, 102,1% (2024 ж – 51 743 бас);
ешкі 3618 бас, 86,8% (2024 ж – 4167 бас);
шошқа 798 бас, 108,1% (2024 ж – 738 бас);
құстар – 387 157 бас, 1251,2% (2024 ж. – 30944,0 бас).
Тірі салмақтағы ет – 6 168,7 тонна (110,4%), сүт – 29 198,3 тонна (146,9%), жұмыртқа - 1 144,1 мың дана (99,7%) құрады.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 46 238,0 млн. теңгені құрады. НКИ – 131,0% (2024 ж. – 33 068,0 млн. теңге, НКИ - 113,7%).
1.4. Тұрғын үйді енгізу
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 32 728 ш.м., НКИ – 101,7% (2024 ж. – 32 194 ш.м., НКИ – 151,3%).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 113 953,9 млн. теңгені құрады. 2024 жылдың ұқсас кезеңінде НКИ - 138,0% (2024 ж. 96 527,2 млн.теңге, НКИ – 132,4%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3889 бірліктен 3496 бірлік немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 93,5% (3985 бірліктен 3738 жұмыс істейтін - 93,8%).
Бөлшек сауда көлемі 34 565,4 млн. теңгені құрады, НКИ - 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 105,3% (2024 ж. – 30 367,1 млн. теңге, НКИ – 107,9%).
Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 12 480,1 млн. теңге, НКИ -102,0%.
5.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрайды.
Есепті айдың басында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 1959 адамды құрады.
2025 жылғы 1 қазанға 1172 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, жастар практикасына 146 адам жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға - 267 адам.
Жалпы сомасы 94,1 млн.теңгеге 197 отбасына (959 адам) АӘК тағайындалды.
5.2. Еңбекақы төлемі
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 456 813 теңгені немесе 2024 жылға 114,7% құрады (2025 жылғы 2 тоқсан ішіндегі стат. деректер).
Ақсу өңірінде 25 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде: 22 – орта, 2 – негізгі, 1 - бастауыш, 15 – балабақша, оның ішінде 1-жекеменшік, 15 – жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар, 3-қосымша білім беру ұйымдары (БӨМ, БШҮ, БЭТО).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,2%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 100%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100 %.
Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 4138 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 2996 бала.
1-11 сынып оқушыларының контингенті 11062 құрайды. 5 мектепте оқыту қазақ тілінде, 19 қазақ және орыс тілдерінде, 1 орыс тілінде жүргізіледі.
Барлық мектептер компьютерлермен, ішкі және сыртқы модификациялардың бейнекамераларымен, Ақсу қаласы полиция бөлімінің пультіне шығарылатын дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша онкологиялық ауру бойынша көрсеткіштің 2,8%– ға (100 мың тұрғынға шаққанда 281,8, 2024 ж. - 274,0) ұлғаюы байқалады, бұл ретте қан айналымы жүйесінің сырқаттану көрсеткіші 16,0% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2823,7, 2024 ж. - 2434,4) ұлғайды.
Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 98,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.
Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы Ақсу өңірі бойынша аудандық маңызы бар 671,3 км құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; қала көшелері 80,9 км, ауылдық елді мекендердің кентішілік көшелері - 213 км).
Аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге 570,4 млн. теңге қарастырылған.
Жылу желілерінің тозуы – 54,5%, электр желілерінің тозуы - 69%, су құбыры желілерінің тозуы – 67,2% құрайды.
Қала көшелерінің қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 70,3% құрады.
6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.
1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде 281 қылмыс тіркелді (2024 ж. - 346), оның ішінде 29 көшеде жасалды (2024ж. - 29).
Ақсу өңірі бойынша 1-3 санаттағы кірістер 2025 жылғы 1 қазанға 103,6% орындалды (жоспар бойынша 12 199,1 млн. теңге түсті 12 638,3 млн. теңге ).
Бюджет шығыстары жоспар барасында 13 833,8 млн. теңге, игерілді 13 817,4 млн. теңгеге немесе 99,9%, құрылыс бөлімінің жобалары бойынша орындалған жұмыстар актілерінің болмауына байланысты ТКШ ЖК және АЖ бөлімі бойынша төлем шотын қайтару (оның ішінде РБ - дан трансферттер бойынша - 166,9 мың теңге - еңбекақы есептеу фактісі бойынша үнемдеу; ОБ - 13 026,4 мың теңге (ТКШ ЖК және АЖ бөлімі бойынша 7694,5 мың теңге аулаларды (алаңдарды) абаттандыру техникалық қадағалау бойынша төлем шотын қайтару; құрылыс бөлімі бойынша 5321,8 мың теңге - 3,5,8 ш/а жылу желілерін қайта жаңалау бойынша орындалған жұмыстар актілерінің болмауы; 10,1 мың теңге - нақты есептеу есебінен). ЖБ - 3 209,9 мың теңге - нақты шығыстар есебінен өзге де үнемдеу).
Орындаушы: Искакова А.А- экономика бөлімінің бас маманы