Сіреспенің алдын алу.

Сіреспенің алдын алу.

Сіреспе — жара арқылы ағзаға түскен Clostridium tetani бактериясының уынан пайда болатын өте қауіпті жұқпалы ауру.

Бұл бактерия жүйке жүйесін зақымдап, бұлшықеттердің қатайып, тыныс алу мен жұтыну қиындауына, ал ауыр жағдайда — өлімге әкелуі мүмкін.

Белгілері:

* жара орнында тартылу, ауырсыну,

* жақ бұлшықеттерінің қатайып, ауыздың ашылмауы,

* дене мен мойынның тырысуы,

* тыныс алудың қиындауы,

* қатты тершеңдік, дене қызуының көтерілуі,

* бұлшықеттердің жиі тырысуы.

Алдын алу:

* балаларға уақтылы АКДС (сіреспе, көк жөтел, дифтерия) екпесін салдыру,

* ересектерге әр 10 жыл сайын қайта егу (ревакцинация),

* жараны таза ұстау, кір, тот басқан заттармен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтау,

* үй жағдайында жараны дұрыс өңдеу.

 

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы  И.А. Калёнова

 

Дата публикации
28 октября 2025