Қызылшаның алдын алу.

Қызылшаның алдын алу.

Қызылша — ауа арқылы тарайтын жоғары жұқпалы вирустық ауру. Ол көбіне балалар арасында тарайды.

Ауру ағзаны әлсіретіп, өкпе қабынуы, құлақтың іріңдеуі, энцефалит (ми қабынуы) сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін.

Белгілері:

* дене қызуының көтерілуі,

* мұрын бітелу, жөтел, тамақтың ауруы,

* көздің қызарып, жас ағуы,

* беттен бастап бүкіл денеге таралатын бөртпе,

* әлсіздік, тәбеттің жоғалуы.

Алдын алу:

* уақтылы ҚҚП (қызылша, қызамық, паротит) екпесін салдыру,

* ауру адаммен қатынаста болмау,

* тммунитетті нығайту (дұрыс тамақ, таза ауа, ұйқы),

* балаларды екпе күнтізбесіне сай тексеруден өткізу.

_

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы  И.А. Калёнова

Дата публикации
28 октября 2025