Адам папиллома вирусы дегеніміз не?

Адам папиллома вирусы дегеніміз не?

АПВ — адам папиллома вирусы. Бұл өте кең таралған вирус, ол тері мен шырышты қабаттарды зақымдайды. Әлем халқының шамамен 70–80%-ы өмірінде бір рет болса да ВПЧ жұқтырады.

Қауіптілігі:

ВПЧ-ның 100-ден астам түрі бар. Олардың кейбірі қауіпсіз, тек сүйел (бородавка) тудырады, ал жоғары қауіпті түрлері онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін.

Әйелдерде:

жатыр мойны обыры (рак шейки матки), қынап және сыртқы жыныс мүшелері обыры.

Ерлерде:

жыныс мүшесі мен анус обыры;

  • Ерлер мен әйелдерде: тамақ, көмей, ауыз қуысы обыры.

Жұғу жолдары:

  • жыныстық жолмен (ең жиі);
  • терідегі немесе шырышты қабаттағы жара арқылы;
  • сирек жағдайда – анадан балаға босану кезінде.

Көп жағдайда ВПЧ ешқандай белгілерсіз өтеді.

Бірақ кейбір түрлері:

  • жыныс аймағында, ануста, ауызда кішкентай сүйелдер (папилломалар, кондиломалар) шығарады;
  • қышу, күйдіру, жайсыздық сезілуі мүмкін.

Жоғары қауіпті түрлері ұзақ уақыт бойы белгісіз өтеді, кейін жатыр мойны жасушаларында өзгерістер тудырып, қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.

Не істеу керек?

  1. Гинекологқа немесе урологқа бару — тексеріс пен анализ тапсыру.
  2. ВПЧ тесті және Пап-тест (мазок) жасау — жатыр мойнындағы жасуша өзгерістерін анықтау.
  3. Егер вирус анықталса:
  • дәрігер вирусқа қарсы және иммунитетті күшейтетін ем тағайындайды;
  • кондиломаларды лазермен, азотпен немесе хирургиялық жолмен алып тастауға болады;
  • дәрілермен өзінше емделуге болмайды!

Алдын алу шаралары:

Вакцинация — ең тиімді жол!

  • ВПЧ-ға қарсы вакцина (мысалы, Cervarix, Gardasil) 9–14 жастағы қыздарға салынады.
  • егде жаста да (26–45 жасқа дейін) егуге болады.

Қорғаныш құралдарын қолдану (презерватив) — жұқтыру қаупін азайтады.

Жеке гигиена сақтау, кездейсоқ жыныстық қатынастардан бас тарту.

Тұрақты гинекологиялық тексеріс — жылына 1 рет Пап-тест тапсыру.

Иммунитетті күшейту — дұрыс тамақтану, ұйқы, спорт, зиянды әдеттерден бас тарту.

 

 

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы  И.А. Калёнова

 

 

Дата публикации
28 октября 2025