Жануар тістеуінің алдын алу.
Жануарлардың тістерімен тін зақымдалып, жараға түрлі бактериялар немесе вирустар (соның ішінде құтыру вирусы) түсуі мүмкін. Бұл — қауіпті жағдай және міндетті түрде дәрігер көмегі қажет.
Қалай жұғады :
- ит, мысық, жабайы аң тістегенде немесе тырнағанда;
- тістеген жерде сілекей арқылы инфекция түсуі мүмкін;
- құтыру вирусы сілекеймен жұғады.
Белгілері:
- тістеген жерде ауырсыну, ісіну, қызару;
- қан ағу немесе ірің пайда болуы;
- дене қызуының көтерілуі;
- құтыру кезінде — мазасыздық, судан қорқу, бұлшықеттердің тартылу.
Алдын алу:
- тістеген жерді сабынды сумен жақсылап жуу;
- міндетті түрде дәрігерге қаралу;
- қажет болса — құтыруға қарсы вакцина алу;
- жануарларға жақындағанда абай болу және иесіз ит, мысықтардан алыс жүру.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова