2025 жылғы 18 қазан күні Ақсу қаласының ТЖБ №12 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жылыту маусымында өрттің алдын алу мақсатында тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жеке тұрғын үйлердегі пештер мен мұржалардың жағдайы тексерілді, тұрғындарға жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптары және төтенше жағдайларда хабарласу телефон нөмірлері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.
Аралау кезінде негізгі назар келесі жиі кездесетін бұзушылықтардың алдын алуға аударылды:
Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адамның өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ тұрғын сектордағы өрттердің алдын алуға көмектесетінін еске салды.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б