Жылытқыштар мен электр ұзарғыштарын қауіпсіз пайдалану
Қыс мезгілінде электр жылытқыштары мен ұзарғыштарды (удлинитель) жиі қолдану өрт шығу қаупін арттырады. Бұл құралдарды дұрыс пайдаланбау қысқа тұйықталуға, сымдардың қызып кетуіне және өртке әкелуі мүмкін. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы өз үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.
Өрттің негізгі себептері:
- бір ұзарғышқа бірнеше қуатты құралдарды қосу;
- ақаулы немесе өз қолымен жасалған ұзарғыштарды пайдалану;
- жылытқыштың жанғыш заттарға (перде, жиһаз, қағаз және т.б.) тым жақын қойылуы;
- құрылғыны қараусыз қалдыру;
- сымдардың және қосқыштардың оқшаулауының зақымдануы.
Сақтық шаралары:
- жылытқышты жарамды розеткаға және жерге қосылған желіге қосыңыз;
- бір ұзарғышқа бірнеше қуатты құрал қоспаңыз;
- сымдарды кілемнің астына салмаңыз, оларды бүктемеңіз және ыстық заттарға тигізбеңіз;
- жылытқышты жанғыш материалдардан кемінде 1 метр қашықтықта ұстаңыз;
- жылытқышқа киім немесе басқа заттарды ілмеу және кептірмеу керек;
- үйден шығарда немесе ұйықтар алдында құрылғыларды міндетті түрде өшіріңіз;
- тек қорғау жүйесі бар сертификатталған жылытқыштарды пайдаланыңыз.
Есте сақтаңыз:
Қарапайым қауіпсіздік талаптарын орындамау қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін. Сіздің қауіпсіздігіңіз — өзіңіздің сақтық пен жауапкершілігіңізге байланысты.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б