Моншадағы өрт қауіпсіздігі ережелері
Монша — демалыс пен денсаулыққа арналған орын. Алайда дұрыс пайдаланбау, ақаулы пеш немесе немқұрайлық салдарынан моншада өрт шығу қаупі жоғары. Әсіресе күзгі-қысқы маусымда пешті жиі жағу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.
Өрттің негізгі себептері:
- пеш пен мұржаның ақаулы немесе дұрыс тазаланбауы;
- жанғыш материалдардың пешке тым жақын орналасуы;
- пешті шамадан тыс қыздыру немесе бақылаусыз қалдыру;
- жанармай, бензин, май және басқа да тез тұтанғыш заттарды пайдалану;
- электр сымдарының тозуы немесе шамдардың дұрыс орнатылмауы.
Қауіпсіздік шаралары:
- пеш пен мұржаны маусым сайын тексеріп, күйеден тазартып тұрыңыз;
- пештің алдындағы еденге металл табақ орнатыңыз (ұшқыннан қорғайды);
- қабырғалар мен төбені жанбайтын материалдармен қаптаңыз;
- от жағу кезінде моншаны қараусыз қалдырмаңыз;
- пешті жағу үшін жанармай мен бензин қолдануға болмайды;
- моншада өрт сөндіргіш немесе суы бар бөшке bulsın;
- электр жабдықтары мен жарық шамдары жылуға төзімді және герметикалық болуы тиіс.
Есте сақтаңыз:
Монша — жоғары температура мен ашық отпен байланысты нысан. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз өзіңіздің, отбасыңыздың және мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б