Қысқы кезеңдегі автокөліктердің өрт қауіпсіздігі
Қыс мезгілінде автокөліктердің өрт шығу қаупі едәуір артады. Бұған көбінесе электр жабдықтарының ақаулары, жанармайдың ағуы және қозғалтқышты дұрыс емес жылыту себеп болады.
Өрттің негізгі себептері:
- тозған сымдардың қысқа тұйықталуы;
- өз қолымен орнатылған немесе стандартқа сай емес жылытқыштарды қолдану;
- қозғалтқышты ашық отпен жылыту;
- жанармай мен майдың ыстық бөлшектерге түсуі;
- аккумуляторды дұрыс зарядтамау.
Алдын алу шаралары:
- электр сымдарын және жанармай шлангаларын үнемі тексеріп тұрыңыз;
- қозғалтқышты ашық отпен жылытуға болмайды;
- тек жарамды сақтандырғыштар мен сертификатталған құрылғыларды пайдаланыңыз;
- көлікте жарамды өрт сөндіргіш bulsın;
- жылытқышты қараусыз қалдырмаңыз.
Өрт болған жағдайда:
- Көлікті дереу тоқтатып, от алуды өшіріңіз.
- Жолаушыларды қауіпсіз жерге шығарыңыз.
- Өрт сөндіргішпен жалынды басып, 101 немесе 112 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б