Шөпті сақтау кезіндег өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз
-Тұрғын үй құрылыстары маңындағы қоралардың шатырларына шөп жинауға, сондай-ақ өту жолдарын үйіп тастауға жол берілмейді.
-Тұрғын үйлердің аумақтарында пішендерді жинау ғимараттар мен аулалық құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.
-Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.
-Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал нығыздалған шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс.
-Ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстарға және орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады
-Ірі жемшөптерді тасымалдау ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған арнайы жабдықталған көлік құралында жүзеге асырылады
-Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б