Гараждағы және автотұрақтағы өрт қауіпсіздігі
Гараж — жанғыш материалдар көп шоғырланған орын: жанармай, май, резеңке бұйымдар, шүберектер және т.б. Электр сымдарының ақауы, ашық отпен абайсыз әрекет немесе автокөліктің техникалық ақауы өрттің туындауына себеп болуы мүмкін. Мұндай өрт тез таралып, үлкен шығын келтіреді.
Өрттің негізгі себептері:
- электр сымдарының ақаулы немесе дұрыс қосылмауы;
- сапасыз немесе өз қолымен жасалған жылытқыштарды қолдану;
- жанармай мен майды ашық ыдыстарда сақтау;
- гаражда шылым шегу және ашық отты пайдалану;
- аккумуляторды зарядтау кезінде ұшқын шығуы;
- дәнекерлеу немесе бояу жұмыстарын қауіпсіздіксіз жүргізу.
Сақтық шаралары:
- гаражда тазалық сақтап, жанғыш заттарды жылу көздерінен алыс ұстаңыз;
- тек сертификатталған жылытқыштарды пайдаланыңыз;
- электр сымдарын және автоматты қорғаныс құрылғыларын тексеріп тұрыңыз;
- гаражда өрт сөндіргіш пен құм салынған жәшік bulsın;
- қозғалтқышы қосулы көлікті жабық гаражда қалдырмаңыз;
- аккумуляторды зарядтау кезінде желдетуді қамтамасыз етіңіз;
- гаражда және автотұрақта шылым шегуге болмайды;
- өрт сөндіру техникасының кіру жолын бөгемеңіз.
Өрт шыққан жағдайда:
- Электр қуатын және қозғалтқышты дереу өшіріңіз.
- Өртті өрт сөндіргішпен немесе құммен сөндіріңіз.
- 101 немесе 112 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.
- Өртті өз бетіңізше сөндіру мүмкін болмаса, ғимараттан шығып, мамандарды күтіңіз.
Есте сақтаңыз:
Гараждағы өрт тек автокөлікті ғана емес, көрші ғимараттарды да зақымдауы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — өмір мен мүліктің амандығының кепілі.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б