2025 жылғы 26 қазан –
Ақсу қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау
Құрметті сайлаушылар!
№ 475, 476, 506 учаскелік сайлау комиссиялары
2025 жылғы 26 қазанда
сағат 07: 00-ден 20:00-ге дейін
Сіздерді Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының № 3
бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың
орнына сайлауында келесі мекенжайлар бойынша дауыс беруге
қатысуға шақырады:
|
Сайлау учаскесі |
Мекенжай |
Телефон |
|
№ 475 |
Ақсу қаласы, Астана көшесі, 1 (Жаяу Мұса атындағы колледж ғимараты) |
8 (71837) 6-43-14 |
|
№ 476 |
Ақсу қаласы, Әуезов көшесі, 8 (С. Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет үйінің ғимараты) |
8 (71837) 4-07-90 |
|
№ 506 |
Ақсу қаласы, Камзин көшесі, 10 (Ақсу қалалық ауруханасының ғимараты) |
8 (71837) 5-15-40 |
Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы қажеттігін естеріңізге саламыз.
Білуіңіз қажет!
Азаматтар сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негізінде енгізіледі. Өзіңізді сайлаушылар тізімдерінен 2025 жылғы 10 қазаннан бастап учаскелік сайлау комиссиясында тексере аласыз.
Егер денсаулық жағдайыңызға немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіңізге байланысты Сіз дауыс беру үшін өзіңіз тізіміне енгізілген учаскеге келе алмасаңыз, онда 26 қазанда сағат 12.00-ден кешіктірмей, жазбаша өтініш беруіңіз қажет, сосын учаскелік сайлау комиссиясы Сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастырады.
Құрметпен,
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы