Ақсу қаласы ТЖБ қызметкерлері полиция бөлімінің мамандарымен бірлесіп, автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Жүргізушілерге өрттің алдын алу ережелері түсіндіріліп, электр сымдарының жарамдылығы, өрт сөндіргіштердің болуы және көлікті уақтылы техникалық тексерістен өткізу маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар, азаматтарға көлік өртенген жағдайда қалай әрекет ету керектігі жөнінде кеңестер жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б