Ақсу қаласының ТЖБ №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Евгеньевка ауылдық округі мен М. Омаров атындағы ауылдық округтің өрт сөндіру пункттері өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен оқу-жаттығу сабағын ұйымдастырды.
Жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру пункттерінің қызметін қолдау мақсатында Евгеньевка ауылдық округі мен М. Омаров атындағы ауылдық округтің өрт сөндіру пункттері жеке құрамына Павлодар облысы ТЖД Ақсу қаласының ТЖБ №10 өрт сөндіру бөлімінде қосымша оқыту ұйымдастырылды.
Сабақ барысында қызметкерлер өртті сөндіру әдістемесін жан-жақты түсіндірді. Теориялық бөлімнен кейін өрт сөндіру автомобилінде тәжірибелік жаттығу өткізілді.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б