Цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен күнге кеңейе түсуде. Алайда, мұнымен қатар интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың түрлі әдіс-тәсілдері де қарқынды даму үстінде. Сіздерді аса сақ болуға шақырамыз – алаяқтар жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, бейнелер, аудиожазбалар және адамдардың бет-әлпеті мен дауысын дәл беретін кескіндер жасайды. Азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін пайдалана отырып, алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп, жеке және қаржылық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында өздерін көбінесе мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының, байланыс операторларының және басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырады.
Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) төмендегілерді ескертеді:
Күмәнді қоңырау, хабарлама немесе хат түскен кездегі сіздің әрекеттеріңіз:
БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер.
Барлық сауалдарыңызға жауап алып, зейнетақы жинақтарыңыздан төлем алу және аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:
Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.
Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.
Алдабергенова Р.Ш.
Павлодар облыстық филиалының
Ақсу қ. ҚКО бастығы
«БЖЗҚ» АҚ