Жыл сайын 500-ден аса өрт жағдайы объектілерінде болады.
Ұмытпаңыздар:
- кез келген үй-жайға кіргенде қосымша және авариялық шығу жолдарына көңіл бөліп, ойша оларға қарай жүріп өтіңіз;
- ғимараттан шығарда жақын жерде орналасқан эвакуациялық шығу бағытымен шығыныз. Ештеме іздемей, жинақтамай оттан тезірек қашыңыз;
- үй-жайдағы зиянды жану өнімдері Сіздің бойыңыз бен одан да жоғары деңгейде жиналуы мүмкін, сондықтан шыға беріске төрт аяқтап немесе еңбектеп өтіңіз, өйткені еденге жақын ауа температурасы төмен, әрі оттегі көбірек болады;
- егер түтіннің әсерінен тамағыңыз жыбырлап, көзіңіз жасаураса – тыныс алу жолдарын қандай да бір көпқабатты мақта матасымен мықтылап бүркеп өтіңіз, мата арқылы демалыңыз;
- өрттің шығуы немесе жану (түтіндеу, температураның жоғарылауы, күйік иісі) белгілері туралы «101» немесе «112» телефондары арқылы (ұялы телефон арқылы теңгерімнің болмауына қарамастан теріледі), өртке қарсы қызметке хабар беріңіздер.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б