Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері №20 балабақшада болды

2025 жылғы 16 қыркүйекте төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері №20 бөбекжай-балабақшасында өткен іс-шараға қатысты.

 

Кездесу барысында тәрбиеленушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуге бағытталған түрлі ойындар, конкурстар мен викториналар ұйымдастырылды. Қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты қосымша түсіндірмелер беріп, балалардың сұрақтарына жауап берді.

 

Сонымен қатар бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігі тақырыбында бояғыштар таратылды. Бұл олардың алған білімдерін ойын түрінде бекітуге және тақырыпқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

Осындай іс-шараларға ТЖ қызметкерлерінің қатысуы білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты нығайтып, өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
23 сентября 2025