«Қауіпсіздік сабағы» және «қауіпсіздік апталығы»

«Қауіпсіздік сабағы» және “қауіпсіздік апталығы” аясында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ж.Мұса атындағы колледжіне барды. Оқушылар үшін «Қауіпсіздік сабақтары» өткізілді, онда мамандар өрт қауіпсіздігі ережелері, төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету тәртібі, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу, азаматтық қорғаныс бағыты бойынша іс-қимылдар, су айдындарында болу ережелері, әсіресе алдағы қысқы кезеңге байланысты, сондай-ақ күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң сақтау маңыздылығы туралы айтып өтті.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
23 сентября 2025