«ЕЭК» АҚ ЭС Май-мазут шаруашылығы нысанында өткен жаттығулардың тактикалық ойыны бойынша шартты түрде бу-ауа қоспасының жарылуы салдарынан РВС-4 резервуарының шатыры зақымданып, кейіннен резервуардың беткі айнасында жанғыш сұйықтық тұтанды.
Аталған жаттығулар жеке құрамның жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлық парктерде өрттерді сөндіру және өртке байланысты АҚЖ жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларын шыңдау мақсатында өткізілді.
Сондай-ақ, ДЧС жеке құрамының нысанның инженерлік-техникалық қызметкерлерімен, НГПС жұмысшыларымен және объектінің қызметтерімен өзара іс-қимылы пысықталды. Қиын өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт сөндірудің жедел штабтың іс-әрекеттерін үйлестіру де жаттықтырылды.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б