Балалар мен жасөспірімдерде жіті респираторлық вирустық аурулармен және тұмаумен сырқаттанушылықтың алдын алу бойынша ата аналарға арналған жадынама

Эпидемияға дейінгі маусымда ата-аналар үшін жіті респираторлық вирустық аурулармен (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттану бойынша балалардың денсаулығын сақтау және олардың иммунитетін нығайту мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып табылады.

Баланы ЖРВИ мен тұмаудан қорғау үшін ата аналар келесі ұсыныстарды орындауы керек:

- бала бойының тоңуына жол бермей, таза ауада күнделікті серуендеуді ұйымдастыру;

- баланың суық тию белгілері бар адамдармен байланысын шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау;

- баланы ауа-райына қарай киіндіру;

- бала орналасқан үй-жайларды үнемі желдету және дымқыл тазалау;

- баланың диетасына А, С және Е дәрумендеріне бай тағамдарды енгізу керек. Баланың тамақтануы теңдестірілген және ұтымды болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Тамақтануы бұзылған балалардың ауырып қалуы әлдеқайда оңай. Дене салмағының жетіспеушілігі немесе артық салмағы бар баланың денесі метаболизм процестерін қалыпқа келтіруге тым көп күш жұмсайды, осыған байланысты патогендермен кездескенде толық иммундық жауап қалыптастыра алмайды;

- баланы қолын үнемі және мұқият жууға үйрету (оның ішінде тамақтанар алдында, көшеден оралғаннан кейін, қоғамдық орындарға бару, жалпыға ортақ пайдаланылатын заттарды қолдану және т. б.), таңертеңгі гимнастика мен салқын сумен сүрту, дене шынықтырумен айналысу;

- мұрын қуысын жуу, әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін.

Алдын алудың ең тиімді әдісі - вакцинация: эпидемиялық маусым басталғанға дейін өзіңізге және балаңызға тұмауға қарсы вакцина алыңыз!

Жоғарыда аталған алдын алу шараларын сақтау баланы ЖРВИ және тұмау ауруларынан, сондай-ақ олардың қолайсыз салдарларынан қорғайды. Сонымен қатар, ата-аналардың жоғарыда аталған ұсыныстарды орындауы балалар үшін жақсы үлгі болады!

Ата - аналар, аурудың алғашқы белгілерінде (дене температурасының 37,5-38°С дейін көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, мұрынның бітелуі, ағуы, жөтел және т.б.) баланың ұйымдасқан ұжымға (мектепке дейінгі балалар ұйымы, мектеп, қосымша білім беру ұйымы (секциялар, үйірмелер және т. б.)) бармауы қажет екенін ұмытпаңыз және дереу дәрігерге хабарласыңыз!

 

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы И. А. Калёнова

Дата публикации
23 сентября 2025