Өндірістік кәсіпорындарда дірілдің зиянды әсері және алдын алу шаралары

Діріл ауруы – өндірістік дірілдің ұзақ әсер ету нәтижесінде дамитын кәсіптік ауру. Физикалық жағынан дірілдер механикалық жүйеделі тербеліс процесіне жатады. Патологиялық процесс тек тірек-қимыл аппаратын ғана емес, сонымен қатар перифериялық нервтерді, қан тамырларын, бұлшықеттерді де қамтиды.

Дірілді қауіпті өндіріс: тау-кен, көмір өндіретін, ағаш-металл өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өндірісі.

Дірілі қауіпті кәсіптер: тау-кен жұмыскерлері, кеншілер, құрылысшылар, үңгілеушілер, жол қызметкерлері, ағаш кесушілер, автомобиль және теміржол көлігінің жүргізушілері болып табылады.

Діріл көздері электрлік, пневматикалық және дизельдік машиналар мен айналмалы, трансляциялық және соққы механизмінің құралдары болып табылады. Дірілдің жұмысшының денесіне әсері қолдар арқылы (жергілікті діріл), тірек беттерінен (еден, кабина, жұмысшының тұруына мәжбүр болатын бұйым), тірек нүктесіне - аяқтар мен жамбас сүйектеріне дейін (жалпы діріл) ), қолдар мен тірек нүктесі арқылы (біріктірілген діріл).

Діріл тиген жерден басқа барлық жерге таралады. Ағзаның сүйек-тіректері арқылы дірілді таратуы әсер етеді. Адам кез келген ағза арқылы, көбінесе қол арқылы дірілді қабылдайды. Дірілдің әсерінен ауруды сезінушілікте өзгеріс болуы мүмкін.

Дірілдің жағымсыз әсерін жоюға бағытталған шаралар арасында гигиеналық және техникалық сипаттағы шараларды атауға болады.

Жұмысшыны техникалық сипаттағы шаралармен:

- дірілден қорғайтын машиналарды пайдалану;

- дірілден қорғайтын арнайы құралдарды қолдану;

- жұмыс орындарында санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін өндірістік үй-жайларды және технологиялық процестерді жобалау; пайдаланылған машиналардың жұмысын жақсарту, оларды уақтылы жөндеуді ұйымдастыру, сондай-ақ діріл параметрлерін бақылау арқылы қорғауға болады.

Жұмысшыны гигиеналық сипаттағы шаралармен келесі жолдар арқылы қорғауға болады:

- ағзаға діріл әсерін шектеу;

- ағзаның қарсылық күшін арттыру арқылы су процедуралары пайдалану;

- кезектесіп жұмыс істеу үшін кешенді бригадаларды орынды ұйымдастыру,

- арнайы өндірістік гимнастика;

- ультракүлгінді сәулелеу;

- В1 және С дәрумендерін пайдалану

- құрғақ ауаны жылыту арқылы қорғауға болады.

Жеке қорғану құралдары: дірілді оқшаулататын аяқ киімдер, табан асты астарлары, дірілге қарсы қолғаптар және т.б. қолдану.

 

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы И. А. Калёнова

Дата публикации
23 сентября 2025