2025 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 15:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шара тақырыбы: "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін".
Алдағы іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелерін түсіндіреді. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтері туралы баяндайды.
Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=89485392522).
Еvent-мәжіліс нөмірі: (678 781 1702)
Еvent-мәжіліс құпиясөзі:(1414)
Алдабергенова Р.Ш.
Павлодар облыстық филиалының
Ақсу қ. ҚКО бастығы
«БЖЗҚ» АҚ