Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация - қатерлі ісік аурулардан қорғаныс
Қазақстан Республикасының ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес, адам папиллома вирусына қарсы вакцинация 11 жастағы қыздарға ата-анасының немесе қамқоршысының ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Вакцинация толық курсы алты ай аралықпен егілетін екі дозадан тұрады. 11 жаста жоспарлы екпені алмаған 12–13 жастағы қыздарға кешіктірілген вакцинация жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл вакцина ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген, себебі ол АПВ-мен байланысты қатерлі ісік ауруларының алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И. А. Калёнова