Қызылша - жоғары жұқпалы вирустық ауру. Вирус науқас адамның тыныс алуы, жөтелуі немесе түшкіруі арқылы оңай таралады. Ауру ауыр түрде өтіп, өлімге алып әкелетін асқынулар тудыруы мүмкін. Кез-келген адам қызылшамен ауру қаупі бар, бірақ негізінен балалар ауруға жиі ұшырайды.
Қызылшаның алғашқы белгілері жедел респираторлық ауруларға ұқсас: жоғары дене қызуы, бас ауруы, жөтел, мұрын бітелуі, көзден жас ағуы. Бұл белгілер 5-6 күнге дейін сақталады, содан кейін әдеттегі қызылша бөртпесі пайда болады – бірігуге бейім ашық қызыл дақтар, басында бет пен баста (құлақтың артында, шаштың астында) пайда болады, содан кейін дене бойы төменге қарай тарайды. Екі-үш күн ішінде бөртпе аяққа дейін жетеді.
Қызылшадан туатын өлім-жітім аурудың асқынуына байланысты, оның ішінде энцефалит, ауыр диарея, тыныс алу жолдарының патологиясы, соның ішінде пневмония. Сондай-ақ, қызылшаның асқынуы соқырлық, құлақ инфекциясын тудыруы мүмкін.
Қызылшаны жұқтырудың алдын алатын жалғыз тиімді құрал - балалар мен ересектер арасында вакцинация. Вакцина сенімді және ұзақ иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Қазақстанда халықты иммундау үшін қолданылатын вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Ересек адам бала кезінде вакцина алмаған болса, тіркелген жері бойынша емханаға хабарласып вакцина алу қажет. Ол қазақстандықтар үшін тегін жасалады. Балаларға жоспарлы вакцинация екі кезеңде жасалады - 12 айда және 6 жаста.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И. А. Калёнова