Балалар-біздің болашағымыз. Бірақ, біз балалардың өмірі қуанышқа толы және бақытты болғанын, оларға қауіп төнбегені туралы жиі ойланамыз ба?
Өкінішке орай, бұл туралы бәрі естен шығарды. Ата-аналардың есінен шықпауы тиіс бұл пәле себептерінің бірі – балалардың отпен ойнауы.
Неліктен солай болады?
Бұл көбінесе ересектердің өзінен болады. Қараусыз үйде жалғыз қалған жасөспірімдер рұқсат етілмеген ойындар мен істерін көбінесе сіріңке сияқты қауіпті әзілдерін қызықтырып ойнайды, сонда олар отпен болған мұндай ойынның ауыр салдарын білмейді.
Мұндай жағдайлар ата-аналар балаларға қол жетімді орындарда сіріңкені, тұтағышты алып тастауды ұмытқанда, сөнбеген электр құрылғыларын, жанып жатқан пешті қараусыз қалдырғанда болады. Ата-аналар кейде балаларының отқа деген үлкен ермектерінің барын ұмытатын жағдайлар болады, кейбір ата-ана баласының көзінше сіріңкені ойынға айналдырады. Ал кейбіреулері сіріңкені жандырып, оны өзінің баласына сөндіруге рұқсат ететіні ағатты болады, жасөспірімдердің көзінше жанғыш сұйықтардың көмегімен алау жандырады. Әрине, бұл баланың қызығушылығын оятады, жақсы тұтанған алау көпке дейін олардың есінен кетпейді.
Бір көргеннен қауіпсіз деп саналатын бірнеше іс-әрекеттен кейін балаларда отпен ойнау әдет пайда болады. Жасөспірім отпен рұқсат етілмеген ойындардың жетімділігін жақсы меңгеруі үшін оған бұл жайлы тұрақты ескеріп отыруы қажет.
Мысал үшін, балаға жасөспірімдердің отпен ойынының қаупі айқындалып айтылатын кітапты оқып беруге болады. Жасөспірім зерігіп ермек іздемегені үшін, оған әлдеқандай тапсырма беріп, қажетті ойыншықтар мен қызықты суреттері бар кітаптар сатып алу қажет.
Естен шығармаңыз: бүлдіршін балаларға олардың жас шамасына әлдеқандай үлкен тапсырмалар беруге болмайды: пеш жағу, электр жылыту құрылғыларын жандыру. Бұл тапсырманы орындай келе, балалар өрттің пайда болғанына еріксіз кінәлі болады. Отпен көбінесе жас балалар ғана емес, ересек жастағы балалар да ойнауды ермек етеді. Кейбір оқушылар аулаларда алау жағып, содан кейін ойнап от шашу жасайды. Олардың қолына бензин, керосин және басқа да тез тұтанатын материалдар жиі түседі. Бұлардың бәрі қайғылы оқиғаларға әкеледі, балалардың отпен ойнау әзілдеріне қарсы күрес – бұл отпен күрес қана емес, ол ең алдымен біздің балаларымыздың бақытты, қуанышты, денсаулығы мықты өмірі үшін күрес.
Мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында, бүлдіршін жастағы балалары бар ата-аналар өз балаларымен отпен ойнауға әкелетін қауіпсіздік туралы сұхбат, әңгімелер жүргізуі қажет.
Ақсу қаласы ТЖБ
инженері а/қ лейтенанты
Тапалов А.Б.