|
|
|
|
|
www.stat.gov.kz |
|
Баспасөз хабарламасы |
№ 6-22/1857-ВН 2025 жылғы 2 қыркүйек |
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады.
Еске сала кетейік, онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болған. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарын аралайтын екінші кезең 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін болады.
Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.
|
Орындаушы: М.В. Сагынова Тел. +7 7182 533086 |
Басқарма басшысы: М.В. Сагынова Тел. +7 7182 533086 |
Мекенжай: 140000, Павлодар қаласы Ген. Дүйсенов к., 9 E-mail: pavlstat@aspire.gov.kz |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы