БАҚ және онлайн-платформларына мәлімет үшін

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Ақсу қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы (2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Ақсу қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

(2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей Ақсу қалалық мәслихатының №3 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: tic_pav_aks@saylau.kz, мекенжайы: Ақсу қаласы, Астана көшесі, 37) ұсынуға тиіс.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
27 августа 2025