Сайлау жарнасын енгізуге арналған деректемелер

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 104-бабының 1-1-тармағына сәйкес бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

 

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

(2025 жылғы 1 қаңтарға – 85 000 теңге)

 

Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

 

Сайлау жарнасын енгізу үшін реквизиттер:

«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ

Ақсу облысы, Ақсу қаласы Ақсу көш. 52

БИН 980240001611
БИК KKMFKZ2A
ИИК KZ940705031223021002
РГУ "КОМИТЕТ КАЗНАЧЕЙСТВА МИНИСТЕРСТВА ФИНАНСОВ РК
Кбе 12

КНП 171

Төлем мақсаты:

Ақсу қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы Тегі Аты Әкесінің аты

Дата публикации
27 августа 2025