Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі

Табиғатқа достарымен, туған-туысқандарымен шығар алдында, өрт қауіпсіздігін ұмытпаңыз. Табиғи өрттердің көбі отты абайсыз пайдалану салдарынан болады. Бұл абайсызда тасталған темекі немесе сөндірілмеген алау, ақаулы автокөлік техникасының сөндіргішінен ұшқын болуы мүмкін. Адамдардың салғырттығы мен немқұрайлығы нәтижесінде жүздеген гектар өрттелген дала, ал кейде ормандар - қалпына келтіру қиын табиғи ресурс болып табылады. Сондықтан әрбір азамат табиғатқа шығып, еліміздің бірегей табиғи байлықтарын сақтау үшін өз жауапкершілігін есте сақтап, өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауы тиіс. Мәселен, орманда болған кезде ашық отты пайдалануға, майланған немесе жанғыш заттар сіңірілген сүрту материалын қалдыруға болмайды. Аң аулауда тез тұтанатын немесе бықсатын материалдардан жасалған шаңды қолдануға болмайды. Бөтелкелерді немесе шыны сынықтарын қалдыруға болмайды, өйткені олар тұтандырғыш линзалар ретінде жұмыс істей алады, сондай-ақ қылқан жапырақты жас шыбықтарда, кеспеағаштарда, құрғақ шөбі бар жерлерде, ағаштардың ұшарбасы астында, сондай-ақ бүлінген орман учаскелерінде от жағуға болмайды.

 

Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
07 августа 2025