Қызылша - ауа тамшылары арқылы берілетін жедел жұқпалы ауру. Ауру алғашқы белгілері дене температурасының 38℃-тан 41℃-қа дейін жоғарылауымен, әлсіздік, жөтел, тыныс алу жолдарының, шырышты қабаттардың, ауыз қуысы мен көздің қабынуымен сипатталады. Содан кейін бөртпе пайда болады, ол кезең–кезеңімен таралады: бір күн ішінде бөртпе бет пен мойынға, екінші күні – кеуде және қолға, үшінші күні - аяқтың бүкіл бетіне таралады.
Ауру соқырлық, энцефалит (ми қабығының қабынуы), пневмония, бронхит сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінген және ауыр ілеспелі аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Ауру жоғары жұқпалылығымен ерекшелінеді, яғни қызылшамен ауыратын адаммен байланыста болған кезде қызылшаға қарсы егілмеген барлық адамдар дерлік ауырады. Дені сау адамға қызылша вирусы сөйлеу, жөтелу, түшкіру кезінде ауа тамшылары арқылы беріледі, инфекция қызылшамен ауыратын адам бұрын болған бөлмелерде болу кезінде де мүмкін болады.
Қызылшаны емдеудің тиімді және нақты әдісі жоқ. Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді құралы - уақтылы вакцинация алу.
Қызылшаға қарсы вакцина қауіпсіз және тиімді. Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі, екі рет жасалады: біріншісі 12-15 айында, екіншісі 6 жаста.
Құрметті ата-аналар, вакцинацияны кейінге қалдыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдағанда, Сіз үлкен жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз, өйткені мұндай шешім балаңыздың денсаулығына және тіпті өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.
Қызылшамен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға балаларының қызылшаға қарсы екпелердің болуына назар аударуды ұсынамыз. Екпе болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға хабарласып, екпе алуға болады. Егер аурудың жоғарыда аталған белгілері пайда болса, өзін-өзі емдемей, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Вакцинация - бұл сіздің балаларыңыздың денсаулығын қорғау құқығы!