Көкжөтел: ауру белгілері және алдын алу шаралары

Көкжөтел: ауру белгілері және алдын алу шаралары

Көкжөтел – бұл Bordetella pertussis таяқшасынан туындаған, тұтқыр жөтел соңында құсу және қақырықты бөлумен сипатталатын жедел респираторлық бактериялық инфекция.

Көкжөтелдің қоздырғышы ауа тамшыларымен, науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде таралады.

Көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағы балалар үшін қауіпті. Біріншіден, балада қарапайым суықтың белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, безгек, қалыпты жөтел. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстамалы жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел ұстамалары кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегі ашығуы, нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі пайда болады. Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті.

Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация. Көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде кешенді вакцинамен жүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балалар АбКДС бустерлі дозамен егіледі.

АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ:

- жөтел, түшкіру сияқты аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда уақтылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдемеу, тек дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдау;

- бөлмені жиі желдетіп, дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізу;

- жөтелген кезде ауызды жабу, қолды жиі жуу;

- ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептер мен МДБҰ-ға және т. б. жібермеу.

Вакцинация – аурудан қорғаудың жалғыз жолы, балаларыңызды уақытында вакцинациялаңыз!

Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс!

Дата публикации
07 августа 2025